Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Павлодарда құйрық майға жасырып түрмеге телефон өткізбек болған

2018 жылғы 12 ақпан 09:33 160
Бөлісіңіз:
Павлодарда құйрық майға жасырып түрмеге телефон өткізбек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда тергеу оқшаулағышында отырған адамға қойдың құйрығына жасырып ұялы телефон жеткізбек болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ІІМ ҚАЖ Комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында бір топ жылқыны ұрлағандар ұсталды Түркістан облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

«Қамаудағы адамдардың біріне жіберілген сәлемдемені тексеру барысында пісірілген қойдың құйрық майының арасынан қуаттандырғышымен бірге ұялы телефон шықты», - деп хабарлайды ведомство.

Павлодардағы тергеу оқшаулағышының қызметкерлері келесі күні қораптағы шәйдің ішінен целофан орама тауып алды. Сот-медициналық сараптама табылған заттың салмағы 40 грамнан асатын марихуана екендігін нақтылады. 

Алматы облысындағы Заречный кентінде орналасқан колонияның аумағына белгісіз адам түйіншек зат лақтырып кеткен. Бұл скотчпен оралған 4 ұялы телефон болып шықты.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT