Павлодарда Құрбан айттың алғашқы күнінде бірнеше қазан палау таратылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлықтар Құрбан айтты саябақта мерекелейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Pavlodarnews.kz сайтын сілтеме жасап.

Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 9 шілде күні сағат 7:00-де облыстың барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады.

Ал, сағат 7:30-да «Құлагер» ипподромында құрбандық шалу басталады. Малды арнайы оқытылған қасапшылар сояды. Орталық мешіттің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының айтуынша, құрбандықты офлайн да, онлайн да шалуға болады.

Содан кейін сағат 14:00-де қалалық саябақта «Құрбан айт – бақыт мерекесі» атауымен көпшілік шара басталады. Балалар арасында сайыстар ұйымдастырылып, ойындар ойнатылады. Мешіт қызметкерлері уағыз айтады.

Мешіттің баспасөз қызметінен хабарланғанындай, 10 қазан палау әзірленіп, мерекелік шараға келушілерге таратылады.

Айта кетсек, Қызылжар және Жетекші ауылдарында жаңа мешіттер ашылады.



Фото: mazhab.kz


Соңғы жаңалықтар