Павлодарда «Күміс көмей әнші - Майра» атты ән кеші өтті

None
None
ПАВЛОДАР. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы ұлттық кітаптар кітапханасында атақты әнші Майра Шамсутдинованың туғнына 120 жыл толуына орай ән кеші өтті.

Павлодарлық әншіге арналған «Күміс көмей әнші - Майра» музыкалық композициясын татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жастар ұжымы сыйға тартты. ХХ ғасырдың басындаығ талантты әншінің шығармашылық жолы туралы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының қызметкерлері айтып берді.

Қазақ даласына аты мәшһүр Майра Уәлиқызы жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған. А.В.Затаевич Майраның орындауында «Мақпал», «Көкмайса», «Қарағым-ау», «Қаракөз», «Баянауыл», «Телқоңыр», «Даланың әні», «Құрбымжай» «Алқарағай көк», «Хұсни құрдас», «Смет» әндерін жазып алып, нотаға түсрген. Ол өз жанынан «Майра», «Қызыл гүл», «Өкшесі етігімнің айнала жез», «Бақша» әндерін шығарған. Майра арқаның әншілік дәстүрін ілгері дамытуға үлес қосқан. Павлодар өңірінде Майра Уәлиқызының атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады.

Соңғы жаңалықтар