Павлодарда қорым шарбақтарын ұрлаған ер адам ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар полицейлері қорым шарбақтарының ұрлығын «ізін суытпай» ашты, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ұрлық жасауда күдікті азамат Суворов қорымының шығаберісінде ұсталды. Оның көлігінің ішінен екі моланың металл шарбақтары табылды. Ұсталған азамат - облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны металл сынықтарын тапсыру пунктіне бара жатқан. Айғақ дәлелдер - шарбақтар алынды. Күдікті ер адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 2 бөлімі (ұрлық) бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар