Павлодарда корей киносының фестивалі өтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ш. Айманов атындағы кинотеатрда Қазақстандағы Корей елшілігі корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен фестиваль өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қазіргі таңда әлемнің 27  мемлекетінде 32 корей орталығы жұмыс істейді.  Астанада осындай орталық 2010 жылы қазақстандықтарды корей мәдениетімен таныстыру және мемлекет арасындағы мәдениет саласында тәжірибе алмасу мақсатында ашылған.

 Орталық директоры Ли Хе-ранның айтуынша,   Қазақстанда корей киносының фестивалі биыл еліміздің тоғыз қаласында ұйымдастырылып, Павлодарда  аяқталған. Тегін фестивальге студенттер мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, жақсы киноны бағалай білетін адамдар жиналды.

« Қазақстандықтар комедия және  драма жанрын ұнатады деп естідік. Сондықтан көрсетілімге «Менің әйелім - менің қалыңдығым» комедиясы мен «Арулар байқауының жеңімпазы» драмасын таңдап алдық. Бұл фильмдер корей тілінде болса да орысша субтитрмен ұсынылды», -  дейді орталық директоры.

Корей орталығы Астанада кинофестивальден басқа, түрлі мәдени шаралар өткізеді. Оның ішінде концерттер мен фото және  өрнектер көрмесі бар. Сол жерде арнайы курстарда корей тілі  мен корей тағамдарын дайындауды үйренуге болады.

«Қазақстан Корея үшін Орталық Азиядағы маңызды серіктес болып табылады. Корейлер 80 жыл бойы Қазақстанның жерінде өмір сүреді.  Қазақстан елімен байланыс дипломатия, мәдениет және басқа да бағыттарда дами түседі деген сенімдеміз», - дейді Ли Хе-ран. 

Соңғы жаңалықтар