Павлодарда көпірден секіріп кеткен адам құтқарылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс орталығында сенбі күні автокөлік көпірінен секірген ер адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ертіс өзенінің аумағында сағат 18.16-да жедел құтқару жасағының үш қызметкері бір жүзу құралының көмегімен көпірден секірген азаматты судан алып шықты. Олар ер адамды жедел медициналық қызметінің мамандарына тапсырды», - дейді баспасөз қызметінде.

 Мұндай әрекетке барған 1962 жылғы тұрғын өңірлік психоневрологиялық диспансерде тізімге алынған. Облыстық жедел медициналық көмек станциясының ақпаратына сүйенсек, травматолог ер адамды тексеру барысында ешбір жарақат анықталмаған. Бұдан кейін мамандар оны облыстық психоневрологиялық диспансерге тапсырған. 

Соңғы жаңалықтар