Павлодарда көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланған 1,5 мың жүргізуші анықталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында көлік басқару кезінде телефон пайдаланған 1,5 мың жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтағы Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері телефонды рульде пайдалануды ұнататын 1 500 жүргізуші белгілі болған.
«Мысалы, облыс орталығында Академик Сәтпаев көшесінде тәртіп сақшылары Mercedes автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Көліктен шыққан жүргізушінің айтуынша, ол телефонмен «сөйлеспеген». Ал дәл осы кезде диалогті оның телефонының келесі қоңырауы үзіп жіберді. Рульде отырған тағы бір жүргізуші Қайырбаев көшесінде тоқтатылды. Бұл жолы Toyota көлігін айдап бара жатқан қыз телефонмен сөйлескенін мойындады. Ол маңызды қоңырау болғанын және оған міндетті түрде жауап беруі қажет болғанын түсіндірді. Полиция азаматшаға мұндай жағдайларда көлікті тоқтатуды немесе дауыс зорайтқышты қосуды ұсынды», - деп жазды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар