Павлодарда көлік тізгіндеген қыз-келіншектер сынға түсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен Street Racing Aksu автокубының ұйымдастыруымен алғаш рет «Автоледи-2019» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсу қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, байқау Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайының автотұрағында өтті. Оған барлығы 9 нәзік жанды қатысқан. Олардың арасында студент қыздар да, көпбалалы ана да болды.

Темір тұлпарды тізгіндеген арулар үш кезең бойынша сыңға түсті. «Леди автомобиль» бөлімінде сайыскерлер өздерін және безендірілген автокөліктерін таныстырды. Екінші «Леди эрудит» кезеңінде жол қозғалысы ережелерін қаншалықты білетіндері тест сұрақтары арқылы тексерілді. Соңғы - «Тәжірибелі жүргізуші ханым» бөлімінде қатысушылардың практикалық тұрғыдан көлік басқару деңгейі анықталды.
null

Байқау қорытындысы бойынша, бірінші орынды 21 жастағы студент Александра Анисимова жеңіп алды.
null

«С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде логопед-дефектолог мамандығына оқимын. Биыл соңғы курсты аяқтаймын. Көлік жүргізіп жүргеніме екі жылдан асты. Мұндай шараларға жиі қатысқым келеді. Себебі, өз мүмкіндіктерімді жаңа қырынан танытуға болады», - дейді Александра Анисимова.

Екінші орынды Ақсу қаласы № 7 мектептің мұғалімі Фаина Пьянзина, үшінші орынды Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкері, «Арион» хаски орталығының иесі, ерікті Регина Анщиц иеленді.

«Үздік дизайнерлік безендіру» аталымында «Шаңырақ» автокөлігімен Павлодар ауданы «Заман тынысы» газетінің тілшісі Гүлзат Мейрамова жеңімпаз атанды.
null

«Әлеуметтік желілер арқылы мұндай шара аймақта тұңғыш рет өткізіліп отырғанын естіген соң қызығушылық пайда болды. Жүргізуші куәлігін 1-курсты аяқтағанда алған едім. Ал, нақты 2011 жылдан бастап көлік жүргізе бастадым. Мен үшін темір тұлпарым - қозғалыс құралы ғана емес, көп уақыттарда айнымас досқа айналған. Қазақи нақышта безендіру арқылы өзіміздің рухани жаңғырған ел екендігімізді білдіргім келді. Төрешілерге ойымды түсініп, әділ баға бергендеріне алғысым зор. Негізгі идея менікі болса да, оны әкем қолдан жасап, машинаға орнатты. Қазақтың қара шаңырағынан биік ештеңе жоқ!», - дейді ол.
null

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қала әкімінің орынбасары Балтабай Каппасов гүл, бағалы сыйлық және сән салондарына сертификаттар табыстады.

Айта кетерлігі, аталмыш байқауды алдағы уақытта дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар