Павлодарда қоқыс жәшігінен өлі туған шарана табылды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған өлі бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесінде, үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылған.

Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар