Павлодарда қоғамдық орындарда хорхор тартқандар ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар полицейлері кальян шегудің 30 дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды бұзу фактілері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді.

«Осылайша, полиция қызметкерлері Усолка көшесіндегі ойын-сауық мекемесінде хорхор тұтыну дерегін анықтады, онда кальяншы келушілерге ұсыну үшін кальян тартты. 22 жастағы павлодарлыққа қатысты ӘҚБК 441-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Осыған ұқсас бұзушылық Едіге би көшесіндегі басқа қалалық мекемеде анықталды, онда да 30 жастағы жас жігіт келушілерге хорхор ұсынды, ол да жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қайыров.

Айта кету керек, биыл Павлодар қаласының демалыс және ойын-сауық мекемелерінде полицейлер кальян шегудің 30 фактісін анықтады. Жыл басынан бері Павлодар өңірінде тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзудың 169 дерегі белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар