Павлодарда кітапхана түніне 600-ден астам адам келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтың лауреаты Аманжол Шамкеновтың 90 жылдығына орай «Кітапхана әлемі» атты шараға 600-ден астам адам келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 «Гаджеттеріңізді өшіңіздер, бүгін біз сіздерге кітап оқыған әлеуметтік желілерде отырғаннан әлдеқайда қызықты екенін дәлелдейміз», - деді жиналғандарға жүргізуші. Кешкі сағат 18:30-да «кітапханада тыныштықты сақтаңыздар» деген ереже бұзылды. Қонақтар үшін қызығушылықтар бойынша түрлі алаңдар мен кітап инсталляциялары жұмыс істеді.
null 

null 

null 

 Осыған ұқсас шара кітапханада 2014 жылы өткен, дегенмен облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Барлық 13 ауданның кітапханалары өздерінің экспозицияларын ұсынды. Кітапхана серіктестерінің бірі - Ж. Аймауытов атындағы музыкалық-драма театры болды. Актер Даниял Асенов Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан және Гүлжанат Омарова Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романынан екі моноқойылым ұсынды. Шараның екінші серіктесі - «Мадлена» торт дүкендер желісі кітаптардан әзірленген торт түрінде тосынсый жасады. Оқу залында театралды алаң жұмыс істеді. Облыстық кітапхананың «Вояж» театры кітапханашының кітаптарды парақтап отырғанын және кітаптардан кейіпкерлер шығып жатқанын көрсетті. Осы алаңда «Промень» жастар театрының актерлері өнер көрсетті. Олар өздерінің қойылымдарынан бірнеше үзінді ұсынды.
null 

Бұл кешке облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, облыстық басқарманың басшылары қатысты. Олар Аманжол Шамкеновтың өлеңдеріне ән салып, туындыларын оқыды. Қонақтар Ақын Алақанұлы, Шолпан Байғалы, Юрий Поминов және Ольга Григорьева сияқты Ертіс өңірінің танымал ақын, жазушыларымен әңгімелесті.
null 

 Екінші қабаттағы шеберханада қаланың шеберлері, мүсінші Дәурен Досжанов балаларға саздан мүсін жасауды үйретті.
null 

Соңғы жаңалықтар