Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, 3 адам ауруханаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда өрт шыққан пәтерден үш адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап pavlodarnews.kz хабарлады.

«Оқиға кеше сағат 20.54-те болды. Қатаев көшесі, 11-үйдің бір бөлмелі пәтерінде кір жуу машинасы тұтанып, киімдер жанған. Сол уақытта үйде болған 39 және 47 жастағы ер адам мен 36 жастағы әйел төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен саты арқылы сыртқа шығарылды,  - деді  департаменттен.

Салдарынан ысты газбен уланған үш адам жедел жәрдем көлігімен №1 қалалық ауруханаға жеткізілген, алайда медициналық көмектен бас тартқан. Өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан шыққан.

Қазіргі таңда қызыл жалынның келтірген шығын көлемі анықталуда. Өрт 10 шаршы метр жерге тараған. Үйдегі 75 адам сыртқа  құтқарушылардың көмегінсіз шыққан. Оның 25-і - бала.

Тілсіз жауды ауыздықтауға бес техника мен 18 өрт сөндіруші жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар