+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

2019 жылғы 9 қараша 19:11
Бөлісіңіз:
Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бұл жолы Баянауыл және Шарбақты аудандарының фермерлері жәрмеңкеге ет өнімдерін, Павлодар ауданы мен Ақсу ауылдық аймағынан көкөністер, шарбақтылық құс фабрикасынан жұмыртқа және «Галицкое» ШҚ шикі сүт әкелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда майлы дақылдардың егіс алқабы 5 млн гектарға дейін артады Қазақстанның өсімдік майы қай елдерде сұранысқа ие Екі жылда Қазақстан майлы дақылдарды толықтай өңдеу деңгейіне шығады

Облыстағы ара ұстаушылар балдың ондаған сорттарын сатылымға шығарды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде кеш піскен оңтүстік жақтың қарбызы мен қауынын, шай, кептірілген жемістер мен кондитер өнімдерін сатып алуға болады.


Жәрмеңкеде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов болды. Ол қатарларды аралап, бірнеше ескерту жасады. Облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов атап өткендей, фермерлер өз өнімдерін мұнда делдалсыз сата алатындықтан, сенбі жәрмеңкесіндегі бағалар дүкендер мен қала базарларындағы бағалардан 30% төмен.


«Ауа райы мүмкіндік беретіндіктен бүгіннен бастап көшеде тағы да ет сатылады. Осы күнге дейін олар Квазардың ішінде сатылып келді. Қарашаның әр үшінші жексенбісі – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні екенін атап өткім келеді. Биыл мереке 17 қарашаға келеді. Ал, келесі сенбі жәрмеңкесі 16 қарашада өткізіліп, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналады. Оған барлық аудандар келмек. Бұл қысқы мезгілге ет пен басқа да өнімдерді ең төменгі бағамен қамдап алуға жақсы мүмкіндік болады», - деп уәде етті Алмас Батанов.



Жәрмеңке павлодарлықтардың көңілінен шықты. Әсіресе ет өнімдері бар қатарларда адам саны көп болды. Мәселен, Киржиковтар отбасы мұнда әр сенбі сайын Саяжай шағынауданынан келеді.

«Менің ойымша, біздің шағынауданда, тіпті қалада сиыр етін 1400 теңгеге сатып ала алмайсың, – Біздің дүкендерде 1600-1800 теңге тұрады. Оның үстіне арзан тауарлар тек жергілікті жерде ғана өндірілмейді. Мәселен, бүгін бір әйелдің сөресінен иваси майшабағын 700 теңгеден көрдім. Мен мұндайды бұрын кездестірмегенмін. Әйел өзі балықты тұздап, делдалсыз сатады», - дейді Марина Киржикова..

Облыстық әкімдіктің мәлімдеуінше, әзірге ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін орынды өзгерту жоспарланбаған.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT