Павлодарда «Қазпошта» филиалы директорының орынбасары ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодарда «Қазпошта» филиалы директорының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарі іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.

«Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы «Қазпошта» АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары ұсталып, қамауға алынды», - деп жазылған агенттіктің ресми сайтында.

«Қазпошта» өкілі 2 млн теңге пара алды деген күідкке ілініп отыр.

«Ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 000 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды», - делінген ресми мәліметте.


Соңғы жаңалықтар