Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туын салтанатты түрде көтерді (ФОТО)

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Аязға қарамастан, Достық үйінің алдында этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, студенттер, мектеп оқушылары, зиялы қауым өкілдері көптеп жиналды.

Барлығы ҚХА жылының Туы әкелінгенін күтті. Көтерудің алдында Туды қаланың барлық белгілі жерлерімен алып өтті.

Туды көтеру рәсіміне Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып шықты.

Алаңдағы шаралар облыста тұратын ұлттардың әуендеріне би билеумен аяқталды.

Достық үйінің өзінде халық қолөнерінің көрмесі, облыстық ҚХА-ның ақсақалдары және этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесулер өткізілді.

«Осы аптада Ассамблея жылын мектептерде де атап өтуде. Білім ошақтарында 4-7 ақпан аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихының сабақтары өтіп жатыр. Оған этномәдени бірлестіктердің басшылары да қатысуда», - деп хабарлады ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Махаббат Сәдуақасова.

Облыс кітапханаларында кітап көрмелері, кездесулер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар