+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Павлодарда триатлоннан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

2019 жылғы 26 тамыз 10:05
Бөлісіңіз:
Павлодарда триатлоннан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда триатлоннан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

24 және 25 тамыз күндері Павлодарда триатлоннан Қазақстан кубогы финалының және Қазақстан чемпионатының қатысушыларын қабылдады. Республикалық жарысқа кәсіпқой және әуесқой 109 атлет қатысты. Кәсіпқойлар ҚР Кубогының финалында екі дисциплина бойынша сынға түсті: Гундерсен жүйесі бойынша «супер-спринт» және «стандарт». Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысынан келген 22 кәсіпқой атлет триатлонның ең қысқа қашықтығында мықтыны анықтады – 300 метрге жүзу, 8 шақырымға веложарыс және 2 шақырымға жүгіру. Барлық дерлік жүлделі орындарды Ақмола облыстық триатлон мектебінің ер және әйел спортшылары алды.


«Бір жыл бойы дайындалдық. Маусым аяқталды, бұл – соңғы жарыстар. Дистанция да, трасса да оңай. Павлодар жақсы қала. Тек бүгін бұлтты болып, жаңбыр жауды. Бұл велокезеңде ыңғайсыздықтар тудырды – жолда су, лай болды», - деді көкшетаулық Надежда Бекмағанбетова.


Ал әуесқой атлеттер келесі олимпиадалық дистанцияны еңсерді – 1500 метрге жүзу, 10 шақырымға веложарыс және 10 шақырымға жүгіру. Стартқа барлығы 87 спортшы шықты. Олар жекелей жарыс және эстафетада бақ сынады.

Мәреге бірінші болып Running Pavlodar командасы жетті. Эстафета қатысушылары қашықтықты 2 сағат 55 секундта өтті. Барлығы 9 эстафеталық команда қатысты.

Жекелей сында алматылық Аслан Әбдрахманов жеңіс тұғырына көтерілді. Оның уақыты - 2 сағат 6 минут 25 секунд.

Әйелдер арасындағы жекелей сында абсолютті чемпион Айнұр Құмарова болды. Елордалық қыз межені 2 сағат 40 минут 41 секундта өтті.

Жарыстың бас төрешісі Дандыбай Әлімбаевтың айтуынша, Қазақстан чемпионаты әуесқойлар үшін Temir Adam кубогының соңғы кезеңдерінің бірі болды. Жылына 12 кезең өткізіледі. Соңғысы Ақтау қаласында өтіп, онда спортшылар 1900 метрге жүзу, 90 шақырымға велосипедпен өту, 21 шақырымға жүгіру қашықтығын еңсеруі тиіс болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT