Павлодарда қайырымдылық жәшігін ұрлағандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда ауру баланың емі үшін арнайы дүкенге орнатылған қайырымдылық жәшігін ұрлап кеткен екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұрлық фактісі туралы Павлодар облыстық ІІД-нің ВКонтакте желісінде жазылған.

«Павлодар қаласының полициясына баланың еміне арналған, ақша жиналған жәшіктің ұрланғаны жөнінде 27 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Павлодарлықтардың қол үшін беретініне үміттенген әйел облыс орталығында орналасқан дүкендердің бірінде еркін түрде ақша салу жәшігін орналастырған. Оның кішкентай ұлына ота жасағаннан кейін әрі қарай ем алу керек болғанымен, ол үшін ақшалай қаражат қажеттігі туындаған. Ұрылардың әрекеті дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалды», - делінген хабарламада.

Кадр жазбаларында күдіктінің бірі күләпарасын киіп, ақша жиналған жәшікті алып қашқаны көрінеді.

Тәртіп сақшыларының жүргізген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 20 және 45 жастағы екі ер адам анықталып, ұсталды.  Аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Фото: ktrk.kg

Соңғы жаңалықтар