Павлодарда қайтыс болғандарға 58 млн теңге төлемақы төленіп кете жаздаған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2018 жылы Павлодар облысында қайтыс болған 1 212 адамға жалпы 58,3 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемақының төленуіне жол берілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы екі жылда әлеуметтік төлемақының жалпы сомасы 185 миллион теңгеден асатын артық төлемінің алдын алдық», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облыстық департаментінің өкілдері.

2018 жылы осы мекеме ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасы, көші-қон полициясы, денсаулық сақтау басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Әлеуметтік төлемақылардың ведомствоаралық есепке алу орталығы» департаменті арасында үшжақты меморандум жасасуға мұрындық болған еді. Бұл зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің басқа да түрлерінің артығымен төлеудің алдын алуға, мемлекеттен жәрдемақы алушылардың өлімі жайындағы мәліметтерді алмасуға септігін тигізіп жатыр.

«2018 жылдың 19 желтоқсанынан бері Павлодар облысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалына қайтыс болғандар туралы мәліметтерді жіберіп келеді. Қазірге дейін қайтыс болған 1 212 адамға жалпы 58,3 миллион теңге мөлшерінде артық әлеуметтік төлемақы төлеудің алды алынды», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облыстық департаментінің өкілдері.

Айта кетейік, облыста 2017-2018 жылдары артық төленген сома 186 миллион теңгеден асқан.

Соңғы жаңалықтар