Павлодарда қатарынан 4 көлікті соғып өткен жүргізушіні іздеуде

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы бүгін қаладағы Суворов көшесі, 10 мекенжайы бойынша орын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Инстаграм әлеуметтік желісіндегі kolesa_pavlodara парақшасында сағат таңғы 06.01-де қара түсті автомобиль төрт көлікті қағып өткені туралы ақпарат пайда болды. «Камерада Chevrolet көлігінен шығып, жол апатына жол бергені көрініп тұр. Жүргізуші бір көз тастап, кетті де қалды», - деп жазылған хабарламада.

 Аталған жайтты облыстық полиция департаменті де растап, қазіргі таңда көлік пен жүргізушіні анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Бейнекамералар тексерілуде. 

Соңғы жаңалықтар