Павлодарда кәсіби мамандар мектеп психологтары мен ата-аналарға сабақ береді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында «Отбасы мектебі - психолог мектебі» жобасы жүзеге асырыла бастады, деп хабарлады Білім басқармасының бас маманы Балжан Әділханова.

Жаңа жобаны мектеп психологтары, педагогтар, оқушылар мен ата-аналар бірлесе отырып жүзеге асырады.

Жоба медицина ғылымдарының докторы, профессор, БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша білім беру бағдарламаларының кеңесші-жаттықтырушысы Юрий Россинскийдің «Ресурстарды басқару институты» ҚҚ- мен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге аспақ.

Б.Әділханованың айтуынша, бала мінезін түзеу, отбасылық қарым-қатынастарды тұрақтандыруға да жобаның пайдасы тимек. Кәсіби мамандардың мектеп психологтары мен ата-аналарды ай сайынғы оқытуы тегін. Бұдан басқа, жоба аясында Оқушылар сарайында жеке кеңес беру кабинеттері ашылады.

Соңғы жаңалықтар