Павлодарда қараусыз малдың кесірінен бірнеше көлік апаты болды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында қараусыз малдың кесірінен бірнеше жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза болып, 8-і түрлі жарақат алған – биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысының автожолдарында қараусыз қалған малдың кесірінен жасалған жол-көлік оқиғасының статистикасы осындай.

«Бүгінде өңірде малға арналған 146 айыппұл тұрағы жұмыс істейді, онда биыл бақылаусыз жайылып жүрген 15000-нан астам мал қамалған. Мысалы, 24 қыркүйекте Павлодар-Қызылорда автожолында екі факті анықталды. Бірінші жағдайда, Пограничник ауылының жанында жол бойында жылқылар көрінді. Шаруа қожалықтарының бірінің 49 жастағы шопанына қатысты ӘҚБК 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Мұстафинов.

Екіншісі, Береке ауылының маңында автожол бойында 10 бас жылқы қараусыз қалған. Қалқаман ауылының тұрғынына қатысты ӘҚБтК-тің 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Құқық бұзушыларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Келесі күні осындай факті Ленин-Ертіс-Русская Поляна автожолының 78-шақырымында анықталды, онда 50 бас ірі қара мал бақылаусыз жайылды. Ақтоғай ауданының учаскелік полиция инспекторы малды айып тұрағына айдады. Жылқы иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша анықталып, жауапкершілікке тартылды. 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар