Павлодарда қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар әкімінің жаңа орынбасары қызметіне Жеңіс Шақатов тағайындалды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Ол қаржылық-экономикалық мәселелер, жер қатынастары, сондай-ақ кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік етеді.

Жаңа орынбасарды аппарат кеңесі кезінде Павлодар әкімі Болат Бақауов таныстырды. Ол Жеңіс Шақатовтың ұзақ уақыт бойы мемлекеттік кірістер құрылымында жұмыс істегенін атап өтіп, оған бірқатар тапсырмалар берді.

«Бюджетке қосымша қорлардың түсуін табу бойынша шаралар жоспары жұмысын белсендендіру қажет. Сондай-ақ кәсіпорындарды жекешелендіру және сенімді басқаруға тапсыру бойынша талдау жүргізіп, мүлікті заңдастыру процесіне қосылу қажет. Бұл жұмыстың барлығы бізге бюджетке қосымша түсім береді», - деді қала әкімі.

Бұдан басқа, әкім орынбасардың назарын «Строитель» және «Яблонька» бақ шаруашылықтарындағы саяжай учаскелері мәселелеріне аудартты. Болат Бақауов учаскелерді сатып алу жұмысын жалғастырып, бұл процедураның аяқталатын нақты мерзімдерін белгілеуді тапсырды.

Жеңіс Қайырлыұлы Шақатов 1972 жылы дүниеге келген, екі жоғары білімі бар: 1994 жылы қазақ мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы бизнес құрылымдарда бастаған. 20 жылдан астам уақыт салық органдарында қызмет еткен. Ауданның салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы жолын өткен. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодарда мемлекеттік кірістер басқармасын басқарды.

Соңғы жаңалықтар