Павлодарда кальян барына келгендер тексерушілерден әжетханаға тығылған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Карантинге байланысты бірқатар мекемелердің жұмысына тыйым салынғанымен, мониторинг тобы кальян барында 15-тен аса адамның болғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін түнде жергілікті полиция, қалалық әкімдік және санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері «Малина» кальян барын тексерді. Мұндай мекемелердің жұмысына тыйым салынғанына қарамастан мониторинг тобы ғимарат ішінде 15-тен аса адамның болғанын анықтады» деп хабарлады тілшілерге Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме әкімшілігі келушілерді қосалқы бөлме мен әжетханаға жасырып қоймақ болған.
«Іс материалдары шешім қабылдау үшін санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі» деп толықтырды дереккөз.
- Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары уақытша эвакуацияланды
- Елорда полицейлері көпірден секіріп өлмек болған жігітті құтқарып қалды
- Павлодар облысында «Қазақ тілі QR-код» жобасы іске қосылды
- Екі полицейдің өлімі бойынша күдіктінің ісі сотқа жолданды - Ақмола облысы
-
Маңғыстауда соңғы 30 жылда алғаш рет төртем дүниеге келді
-
Түркістан облысында құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам