Павлодарда ит өлекселерін қала сыртына тастағандар іздестірілуде

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кенжекөлдің ветеринар мамандары облыс орталығынан маңайдағы ауылға өлекселері тасталған үй жануарларының иелерін іздеуде.

Жергілікті тұрғындар оларды көмген жерді ауылға бес шақырым жерден және мал қорымының маңынан байқаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Ветеринария мамандары жануарлар атылып өлмеген, уланған деп санайды.

"Бұл - біз үшін жөнсіздік,"- дейді ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов. - Көмудің инфекциялық аурулардың таралуын алдын алатын дұрыс амалдары бар. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша рейд кезінде түскен өліктер мердігер ұйым арқылы жойылады. Бірден арнайы мал қорымына апарылады немесе денелерді өртейтін ошаққа жөнелтіледі".

 Кенжекөл ауылының әкімі Серік Шуақбаевтың айтуынша, мамандарға техникалар бөлінген. Барлық өлекселер мал қорымына жеткізіліп, орындары арнайы дезинфекциялайтын ерітінділермен тазаланған. -  Оларды қаланың бізге жақын шағынаудандарынан әкелген болу керек. Бізде жануарларды аулау мен оларды жою тәртіпке сай жүзеге асуда, - деді ауыл әкімі.

Соңғы жаңалықтар