Павлодарда ХI Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде ХI Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Талантты балаларды қолдау, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында өткен білім додасына 54 оқушысы қатысты. Олардың барлығы халықаралық, республикалық пән олимпиадаларында жүлдегер атанбаған қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің 11 сынып оқушылары.

« Қатысушылар математика, физика, биология, химия бойынша тапсырмалар орындады. Олимпиада шарты бойынша көп ұпай жинаған 10 қатысушы ХI Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңіне өткізілді. Енді олар I Президенттік олимпиаданың аймақтық турына қатысады», - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова.

Олимпиада қорытындысы бойынша Майя Ульянова (№ 9 гимназия-мектебі), Алишер Байбатчинов, Сұлтан Ілияс, Валерия Кучеренко, Артем Огиренко (№ 39 ЖОМ), Мейірман Хасен (№ 20 мектеп-лицейі), Ектарина Двинянина (№ 17 ЖОМ), Сергей Медведев (№ 42 ЖОМ), Елизавета Вахрушева (№ 16 мектеб-лицейі), Дмитрий Чистяков (№ 17 ЖОМ) облыстық кезеңде сынға түседі. Айта кетерлігі, олимпиада үш кезең бойынша ұйымдастырылады: қалалық, аймақтық және республикалық. 

Соңғы жаңалықтар