Павлодарда ХХ ғасырдағы көне экспонаттар көрмесі ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Г. Потанин атындағы трихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Успен ауданының «Тамыры терең туған жер» көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Успен тарихи-өлкетану музейінің директоры Болат Байзақовтың айтуынша, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына 100-ден астам экспонат ұсынылып отыр. Көрме Успен ауданының қалыптасу тарихы, Кеңес одағының батырлары мен ардагерлері, аудан тұрғындарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қамтитын үш бөлімнен тұрады. - Мұндағы көне жәдігерлердің бірі - ХХ ғасырдың басында неміс қоныс аударушылары әкелген фисгармония, - дейді Болат Байзақов.null

Қоныс аударушылардың басым бөлігі Столыпин реформалары кезінде көшіп келгені белгілі. Успен ауданының аумағына бұрын Белоцерковск, Октябрьск және Возненсенск болыстары кірген. Сол кезеңдерден сыр шертетін атқару комитеттерінің құжатты сақталған.null

Келесі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған экспозицияда әскери және еңбек марапаттары қойылған. Майданда Отан қорғаған Мария Ярменко екі рет жарақат алып, 17 рет үкімет наградасымен марапатталған. Соғыстан кейін 1946 жылы ауылға келіп, 30 жыл фельдшер болып жұмыс істеген. Батырдың құрметіне аудандағы көшелердің бірінің атауы берілген.

Сондай-ақ, Успен ауданында туған Негман Наукенов майданға 1939 жылы шақырылған. Соғыстан кейін жауапты орындарда жұмыс істеген.

Көрмеден Социалистік Еңбек Ерлері Яков Геринг және Петр Музыкаға қатысты ақпараттармен танысып, соғыс кезіндегі Мария Ярменконың медициналық қызметкер киімі мен 1941-1945 жылдары майданнан Берлинге дейін жеткен саптыаяқты көруге болады. Бұдан басқа, ауданда тұратын қазақ, орыс, удмурт, неміс, украин ұлттарының костюмдері мен жергілікті шеберлердің заманауи қолданбалы қолөнер бұйымдары, ХІХ ғасырдың соңындағы музыкалық аспаптар қойылған.

null null null null

Соңғы жаңалықтар