Павлодарда «Газель» жолаушысы жол апаты салдарынан ауруханаға түсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар мұнай-химия зауытына барар жолда «Audi» және «Газель» соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 желтоқсанда сағат 07.45-те Павлодар мұнай-химия зауытына барар жолда «Audi» және «Газель» автокөліктері соқтығысқан», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан «Газель» автокөлігінің жолаушысы жарақат алып, ауруханаға түсті, дейді ақпарат көзі.

«Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар