+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Павлодарда «Гарант 24 Ломбардтың» өңірлік директоры 2 айға қамауға алынды

2020 жылғы 24 ақпан 16:39
Бөлісіңіз:
Павлодарда «Гарант 24 Ломбардтың» өңірлік директоры 2 айға қамауға алынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда «Гарант 24 Ломбард» ЖШС аймақтық директоры 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА арнаулы тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды ҚР Президенті қаржы-несие ұйымдарына қатысты жағдайды жіті тексеруді тапсырды Ақтөбеде тағы бір қаржылық пирамида тергеуге алынды

«Павлодар мамандандырылған тергеу соты судьясының 2020 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен Павлодар қалалық Ішкі істер басқармасы Орталық полиция бөлімі тергеушісінің өтініші қанағаттандырылды. «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің аймақтық директоры Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша күдікке ілінуіне байланысты, оны екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау Павлодар қаласының прокурорымен келісілді», - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Атап өтілгендей, сот санкциясы ЖШС директоры атқарып отырған лауазымына байланысты істі объективті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін болғандықтан берілген.

«Сондай-ақ, оған аса ірі көлемдегі ауыр қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отырғаны назарға алынды», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда ломбардтың өңірлік директоры алаяқтық жасады деген күдік бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Кейін Павлодар облыстық Полиция департаменті «Гарант 24 Ломбард» ЖШС мен «ESTATE Ломбард» ЖШС-ға қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша тергеуді бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT