Павлодарда Еуро валютасын сатып алушылар саны артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Еуро валютасын сатып алушылардың саны артқан, деп хабарлайды palodarnews.kz.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Павлодар филиалының қаржылық операцияларды бақылау бөлімінің басшысы Қымбат Тургульдинова айтты. "Жергілікті тұтынушылар ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 1,085 мың көлемінде Еуро сатып алған болса, маусым айында ол көрсеткіш 2,081 мыңға жетті. Яғни екі есеге дейін артып отыр. Себебі,  жаз айы шетелдік валюталардың ең көп айналымға түсетін мезгілі. Осы уақытта шет мемлекеттерге демалысқа шығушылар мен сауда-саттық жасаушылардың қатары артады. Әсіресе, Германия мен Ресейге барушылардың қарасы қалың", - дейді Қымбат Тургульдинова.

Бөлім басшысының айтуынша, жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан екінші деңгейлі банкетердегі айырбастау пункттеріне 20 куәлік берілген. Былтыр тоғыз айырбастау пункті алған. Уәкілетті банктердегі айырбасту пункттердің жалпы саны 114-ті құрайды. Оның 73-і Павлодар, 24-і Екібастұз, 7-і Ақсу және 10-ы аудан орталықтарында. Яғни, Успен, Лебяжі, Баянауыл, Железин, Ақсу, Ертіс, Качир, Шарбақты аудандары мен Майқайың кентінде. Ал, уәкілетті мекемелерде орналасқан айырбастау пункттердің саны - 25. Оның 22-сі Павлодарда, екеуі Екібастұзда, біреуі Ақсуда. Мамандардың сөзінше, биыл ақша айырбасына байланысты 13 әкімшілік іс қозғалған. Оның екеуі сот шешімімен тоқтатылды.  

Ал, жалпы саны 11 уәкілетті органдар мен заңды тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынды. 

Соңғы жаңалықтар