Павлодарда «Ертіс жағалауы-2011» дәстүрлі веложарысы басталды

None
None
ЛОДАР. 12 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты - «Ертіс жағалауы-2011» дәстүрлі веложарысы басталды.

Ертіс жағалауындағы қалаға Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Астанадан спортшылар келді.

Командалық және жеке біріншілік үшін 58 велошабандоз жарысады. Олар Павлодар-Екібастұз-Майқайың-Баянауыл тас жолы бойынша 900 шақырымнан артық қашықтықты жүріп өтіп, облыс орталығына қайта оралады. Жарыс 17 шілде күні мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар