Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынады

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы 2023 жылы басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат ИИДМ сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жасаған сапары кезінде облыс орталығын жалғайтын Ертіс өзеніндегі жаңа көпір құрылысы жобасын бастауды тапсырған еді.

«Жаңадан салынатын көпір құрылысы жобасы төрт жолақты құрайды. Ұзындығы – 2,7 шақырым. Жобаның жалпы құны – 40,3 млрд теңгеге жуық. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталмақ. Қосымша қаражат әкімдіктің қажетті құжаттар тізілімі көрсетілген бюджеттік сұранысы негізінде беріледі», - делінген министрлік хабарламасында.

Фото: krot.info
Соңғы жаңалықтар