Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін көпір салынады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ облыстық филиалының басшысы Ақылбек Қабылдин мәлім етті. - Ескі көпір 1962 жылы салынған, - деп атап өтті Ақылбек Қабылдин. – Оның қасында жаңа экстрадозды көпірдің құрылысы жүргізіледі. Жаңа көпірдің жобасы дайындалуда. Жобаны 2021 жылы аяқтау көзделіп отыр. Филиал басшысының айтуынша, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін құрылысты бастау жоспарланған. Құрылыс кезінде ескі көпір жабылмайды, жанынан жаңа экстрадозды жартылай керме көпір салынады. Құрылыс үш жылға созылады. Жаңа нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін әрі қарай ескі көпірге бөлшектеу жүргізіледі. Сонымен қатар, спикер Павлодар қаласының шығысын айналып, «Қазақстан алюминийі» арқылы өтетін Кенжекөл ауылындағы бөлігіне қатысты көпірдің жобасы әзірленіп жатқанын атап өтті. - Бұл көпір Павлодар ауылымен қосады, - дейді Ақылбек Қабылдин. – Бір жоба сараптамадан шықты. Екінші кезеңін маусым айында сараптамаға тапсырып, тамыз айында алу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Павлодарға кіреберіс көпір 1962 жылы салынған. Соңғы рет нысанның күрделі жөндеуі 16 жыл бұрын жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар