+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды

2021 жылғы 17 маусым 15:23
Бөлісіңіз:
Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «ERTIS» футбол клубы» қоғамдық қорына қатысты бюджетке салық төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп бітті.

Тергеу барысында 2019 жылы ERTIS футбол клубының директоры салық органдарына бұрмаланған деректері бар мағлұмдаманы ұсынғаны анықталды.

Сол арқылы мемлекетке 193 млн астам теңгеге төленбеген салық түрінде залал келді.

Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды.

Қылмыстық кодекстің 245-бабына сәйкес, бюджетке салық және өзге де төлемдерді өтеуден жалтарғандарға 1 жылдан 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT