Павлодарда ер адамды ұрлап әкетіп өлтірген полицей 17 жылға сотталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда ер адамды ұрлап, өлтірді деген айып тағылған полиция қызметкеріне қатысты сот ісі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарбасов Әсет Амангелдіұлы ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлмінде («Адам өлтіру»), 125-бабы, 1-бөлімінде («Адам ұрлау») және 287-бабы, 2-бөлімінде («қаруды заңсыз иелену және тасымалдау»)  қарастырылған қылмыстарды жасауда айыпты деп танылсын.  Сәйкесінше, қатаң режим колониясына 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деп үкім шығарды қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Қабиболла Байғоншеков.  

Еске сала кетсек, 2015 жылдың күзінде 32 жастағы Александр Крутконың жанұясы оның жоғалып кеткенін хабарлады. Кейінірек, қала маңынан жоғалған жігіттің өртенген денесі табылды. Тергеу жұмыстары нәтижесінде, жоғалған күні А.Крутконы өз үйінен Павлодар ІІБ арнайы қабылдау бөлімшесі қызметкерінің алып кеткені және қолына кісен салып, оңтүстік полиция бөлімшесі ғимаратына әкелгені анықталды. Сыртқы бейнебақылау камералары Александр Крутконың 15 минуттан кейін ғимараттан шыққанын көрсетті. Айыптаушы нұсқасы бойынша, полицей қызметтік міндетінен тыс құрбанды гаражға апарып, өлімші етіп сабаған. Қылмыстың кездейсоқ куәгері атанған тұрақ күзетшісін полицей қорқытып, мәйіттен құтылуға жәрдемдесуге мәжбүрлеген. Қылмысты жасырғаны үшін Руслан Қасамбаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның туыстары шығарылған үкімге қанағаттанды. 

Соңғы жаңалықтар