Павлодарда ер адамды көлік қағып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында ер адамды көлік басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға туралы видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, Лермонтов пен Назарбаев даңғылының қиылысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адамға жабық бас жарақаты, миының шайқалуы және көптеген көгерулер диагнозы қойылғанын хабарлады.

Зардап шеккен адамға амбулаторлық ем көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар