Павлодарда ер адам тереңдігі 2,5 метр шұңқырға құлап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқыс жағдай қаладағы Мир көшесі, 60/1 мекенжайы бойынша болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Кезекшілік бөліміне хабарлама сағат 23.23-те келіп түсті. Ер адам көлікжайлар мен шарбақтың арасындағы тереңдігі 2,5 метрдей шұңқырға құлап түскен», - дейді департаменттен.

ТЖД қызметкерлері келгенге дейін жеткен «103» қызметі ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп үлгерген.

Төтеншеліктер 1988 жылғы тұрғынды альпинистер құрылғысының көмегімен жоғарыға шығарғаннан кейін жедел жәрдеммен ауруханаға алып кеткен. Ер адамның жамбас сүйегі сынған.
Соңғы жаңалықтар