Павлодарда ер адам қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кеткен ер адамды құтқарушылар шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайына сілтеме жасап.

Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
- Жабық бас сүйек-ми мен омыртқа жарақаты тіркелген. Кеуде қуысының екі жағы зақымданған. Компьютерлік томография жасалды. Медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Тиісті сараптамалар жүргізілуде, - дейді ведомствода.

«Сарыарқа» қонақ үйі әкімшісінің айтуынша, ер адам осы қонақ үйде тұратын төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.


Соңғы жаңалықтар