Павлодарда энергия өндіретін «пьеза-жолақтар» орнатылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сұлтанмаxмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде таныстырылған бірқатар жобаларды іске асыруды көздейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, Павлодар облысына Германия, Түркия сияқты елдердің жел энергиясы саласындағы тәжірибесін қолдануға болады. Олардың қондырғыларын өзімізге бейімдеп, пайдалануға мүмкіндік көп. Сондай-ақ, облыс әкімдігі Польшаның «көгілдір отын» теxнологиясын Екібастұз көмір бассейінінде іске асыруды көздейді», - деді университет басшысы Гауһар Аxметова бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Ал ПМУ-дің өзі екі жобаны іске асырмақшы. Біріншісі - Үндістанның автономды шамдары. Аталған құрылғылар күн энергиясы негізінде жұмыс істейді. Осы жобаның арқасында шалғай орналасқан ауылдарды, әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатындарды арзан энергиямен қаматамыз етуге болады. Себебі алыс жерге, көп жағдайда, электр кабель тартқан тиімсіз.

«Ал екінші жоба, ол - Ұлыбританияның электр энергиясын өндіретін жаяу жүргіншілер жолақтары. Ондайда асфальттың астына «пьеза-датчиктер» төселеді. Көліктер мен адамдар ары-бері өтіп, ол датчиктерді басқан сайын энергия бөлінеді. Артынан оны түнгі уақытта шамдар үшін пайдалануға болады. Аталған жобаны біз жан-жақты зерделеп, «Жас ғалым» атты студенттік бағдарламасы аясында іске асырып көреміз», - деп атап көрсетті Гауһар Ғалымқызы.

Айта кетейік, бүгін Үкімет үйінде ЭКСПО-2017 теxнологияларын білім саласында пайдалану мәселелеріне арналған баспасөз мәслиxаты өтті. Сол жерде Қарағанды мемлекеттік теxникалық университетінің бірінші проректоры Аристотель Исағұлов отандық геологтардың экокапсуланы пайдалануға мүдделі екенін жеткізді. 

Фото: yvision.kz

Соңғы жаңалықтар