+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Павлодарда еңбек мигранттарынан пара алып келген полицейлер сотталды

2019 жылғы 25 қазан 13:11
Бөлісіңіз:
Павлодарда еңбек мигранттарынан пара алып келген полицейлер сотталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облыстық полиция департаменті көші-қон қызметкерлерінің сотталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес заңы түсіндірілді СҚО-да полицейлер арасындағы жемқорлықтың алдын алу жолдары ұсынылды Манзоров ісіне соңғы нүкте қойылған жоқ - агенттік

ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті өткен жылы қарашада Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Е. Асаиновтың, сондай-ақ осы бөлімшенің инспекторлары полиция капитаны Д. Алаев пен полиция капитаны С. Баязиттің заңға қайшы әрекеттерінің жолын кесті.

«Олар ТМД елдерінен келген еңбек мигранттарын тіркеу кезінде жүйелі түрде ақшалай сыйақы алып келген. Аталмыш полицейлер 2019 жылғы 26 қыркүйекте Ақсу қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлімі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) , 361-бабы 1-бөлімі (Лауазымдық өкiлеттiгін теріс пайдалану) , 366-бабы 3-бөлімі 1, 2, 4-тармағы (Пара алу) бойынша кінәлі деп танылды» делінген хабарламада.

Сотталушылар мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды. Әрқайсысына пара сомасынан отыз бес есе артық мөлшерде, яғни 5 млн 250 мың теңге айыппұл салынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT