+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Павлодарда экобазар ашылды

2020 жылғы 29 мамыр 17:06
Бөлісіңіз:
Павлодарда экобазар ашылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында іске қосылған жаңа бизнес нысанында экологиялық таза өнімдер сатылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Астықтың тоннасы қаншадан сатылып жатыр СҚО-ның тұрақтандыру қорында 3 мың тоннадан астам азық-түлік бар

«Жаңа сауда нысаны жұмыс орындарын құрып, өндірушілерге ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей сатуға мүмкіндік береді. Тауарлардың сапасы мен бағасы бақылауда болады. Бұл ереже жалға алушылармен жасалған шартта жазылған. Егер бағаның жоғарылағанын немесе өнімнің сапасының төмендігін байқасақ, жалға алушылармен жұмысымызды тоқтатамыз», - дейді Есо Bazaar директоры Егор Меркулов.

Жаңа базардың сауда алаңдарында 24 жалға алушы көкөніс, сүт және ет өнімдері, бакалея және шарап-арақ өнімдерін сатады. «Әділ» ШҚ Аққу ауданынан күн сайын жаңа ет жеткізуді көздеп отыр. Шаруашылық басшысы Қуаныш Мұратовтың айтуынша, күніне екі ірі қара мал, сондай-ақ орташа бағамен келісі 2300 теңгеге жылқы еті мен 2200 теңгеге сиыр етін әкеледі. Шарбақты ауданының Хмельницкое ауылынан «Есентаева» ЖК сөресінде әртүрлі сүт өнімдерінің 14 түрі - тұзы бар және тұз қосылмаған қолдың майы, қаймақ, кілегей, сүзбе, сүт, құрт пен қымыздың бірнеше түрін әкелген. Жеке кәсіпкер Әнел Есентаева жаңа өнім күнделікті жеткізілетінін атап өтті. Оған қоса, «Мир вкусов и ароматов» фирмасы дәмдеуіштердің 132 түрін ұсынады. Есо bazaar алаңында саяжай өнімдерін сату жоспарланған. Оны саяжайшылардан көтерме саудамен сатып алмақ.

Сондай-ақ, сауда сөрелері мен фуд-корт орналасатын экобазар ғимаратының екінші қабатын іске қосу жоспарланып отыр. «Есо bazaar облыстағы азық-түлік қауіпсіздігін арттырады. Мұнда қолайлы баға бойынша азық-түлік тауарларының негізгілері көрсетілген. Егер кәсіпкерлер тұрақтандыру қорынан өнімді сатуға ниет білдірсе, біз оны жеткізуге дайынбыз», - дейді өңірлік кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Медет Шоқанов.

Айта кетейік, жаңа сауда нысаны демалыссыз сағат 9:00-ден 21:00 дейін жұмыс істейді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT