Павлодарда екінші мұз сарайын салу жоспарланып отыр

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі бойынша жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс орталығында хоккей, шорт-трек және конькимен жүгіру спортымен айналысуға арналған 20 000 шаршы метрлік мұз сарайы жақын арада пайда болуы мүмкін. Екібастұзда да 7500 шаршы метр мұз сарайын салу үшін осындай жобаны іске асыру қарастырылып жатыр», - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Өңір басшысы Асайын Байханов «Medeo invest» ЖШС өкілі Сергей Цыбенкомен кездесті. Кездесуде тараптар болашақ мұз ареналарының тұжырымдамасын және осы жобаларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды талқылады.
Асайын Байханов болашақ құрылыс үшін жер учаскелерін анықтау, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, МЖӘ жобаларының тетіктерін пысықтауды және олардың шешімін 15 сәуірге дейін ұсынуды тапсырды.
Айта кетейік, Павлодарда «Астана» мұз сарайы бар. Ол негізінен хоккейден матчтар мен жаттығулар үшін пайдаланылады.


Соңғы жаңалықтар