Павлодарда екі сыбайлас жалған шот-фактура беретін 13 компания құрған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жалған шот-фактура шығарудан мемлекетке 2 млрд теңге шығын келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураны заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті.

Тергеу барысында В.Р. Легин мен С. А. Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғаны анықталды.

Содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берді.

В.Р. Легин мен С.А. Рыжаковтың қылмыстық әрекетінен мемлекетке төленбеген салық түрінде 2 млрд теңгеден астам сомаға залал келді.

Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды.

Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шықты.


Соңғы жаңалықтар