Павлодарда екі көпқабатты үйдің тұрғындарына қазақ тілі тегін үйретіледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда екі көпқабатты үйдің тұрғындарына қазақ тілі тегін үйретіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Тегін тіл үйрету Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған.

Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметі бойынша, «Ана тілі» орталығы және «Тіл волонтері» орталығымен бірлесіп, «Үй-ішімізбен қазақ тілін үйренеміз» авторлық жобасын жарияланған. Мақсат - қазақ тілін насихаттау және қала тұрғындарын тегін оқыту.

«Тіл волонтері» орталығының еріктілері Я.Геринг көшесіндегі 67/1-үйдің тұрғындары арасында сауалнама жүргізуге аттанды. Еріктілер тұрғындардың арасында қазақ тілі деңгейін, сабақтардық өздері үшін ыңғайлы уақытын анықтап, тегін онлайн курстарына жазылады», дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ Ак.Шөкин көшесіндегі 100-үйдің тұрғындарына да тіл үйрету курсын оқиды.
Жоба қазақ тілін үйренуге арналған стендтермен жабдықталған. Оқу барысында кітап, «Ана тілі» мобильді қосымшасы тегін беріледі.
Сабақ аптасына 3 рет онлайн режимде тұрғындарға ыңғайлы уақытта өтеді. Курс интерактивті тапсырма, тест, бағалау және тексеру элементтерін ескере отырып, жаңа технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар