Павлодарда екі қабатты дәмхана өртенді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат Павлодардағы солтүстік өнеркәсіптік аймақта ек қабатты дәмхананың шатыры өртенді. Оқиға орнында облыстық ТЖД, апаттық-медицина орталығынан 35 қызметкер мен 10 техника жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 09.03-те Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 600 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.

- «Шербет» дәмхана кешенінде екі қабатты кірпіш ғимарат шатырының ағаш құрылымдары толығымен жанып кетті. Өрттің жалпы ауданы - 300 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 10.53-те сөндірілді, - дейді Павлодар қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Тілекжан Галямов.

Қонақүй иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 410-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Келтірілген шығын көлемі анықталуда.


Соңғы жаңалықтар