Павлодарда дүкен сатушысы 13 млн теңге жымқырған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе ысырап етудің 34 фактісін ашты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ақшалай қаражаттың жетіспеуін 42 жасар жеке кәсіпкер анықтаған.

«Тергеу барысында қылмысқа 39 жастағы сатушының қатысы бары анықталды. Ол 2010 жылы жұмысқа қабылданған, сенімге кіргеннен соң өзінің қызметтік өкілеттілігін пайдалана отыра, 13 миллион теңгені жымқырған», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жеке кәсіпкердің айтуынша, сатушымен 2010 жылдан бері еңбек шарты, сондай-ақ толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісімшарты жасалған. Сатушы ақшаны қайда жұмсағанын енді тергеу анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар