+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Павлодарда дезинфекциялық заттардың бағасын қымбаттатқан құқықбұзушы жауапқа тартылды

2020 жылғы 20 наурыз 00:40
Бөлісіңіз:
Павлодарда дезинфекциялық заттардың бағасын қымбаттатқан құқықбұзушы жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысында дезинфекциялық заттар бағасын негізсіз асырып сату фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2020 жылдың 18 наурызында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысындағы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Шара барысында тұрғындарға антисептикалық заттардың бағасын негізсіз асырып сату фактісінің алдын алды», - делінген хабарламада.

Құқықбұзушыдан жалпы көлемі 212 литр дезинфекциялық антисептик заттар тәркіленді. Ол антисептикалық заттарды өндіруші-зауыттан 2500 теңгеге алып, тұрғындарға 4000 теңгеге сатқан.

Республикадағы төтенше жағдайға орай, ашық сатылымдағы дәрі-дәрмек бір адамға 1 литрден аспайтын көлемде сатылады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Павлодар облысындағы Экономикалық тергеу депаратменті облыстық әкімшілікпен және өндіруші зауыттармен бірлесе отырып, бастапқы қажеттілік тауарларының қылмыстық алып-сату фактілерінің алдын-алу шараларын жүргізеді.

«Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары! Егер медициналық маскаларды, қолғаптарды, дезинфекциялық және антисептикалық заттарды негізсіз қымбат бағада сату фактілеріне куә болсаңыз, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетіне – 8 (7172) 70-84-78, Павлодар облысындағы Экономикалық тергеу департаментіне – 8 (7182) 61-33-05, 8 (702) 816-01-81 немесе Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 10, Павлодар қ., Толстой көшесі, 98 мекенжайларына жүгінуіңізді сұраймыз», - деп мәлімдеді комитет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT