Павлодарда дәрігерлер төбелесіп, ауруханаға түсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда бір-біріне жұдырық ала жүгірген екі дәрігер ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында болған. Мұнда алғашқы медициналық санитарлық көмек бөлімі бас маманының міндетін атқарушы мен №3 қалалық аурухананың бас дәрігері арасында жанжал шыққан.

Салдарынан бас дәрігердің көзіне операция жасалса, миы шайқалған бас маман ем қабылдап жатыр. Жанжалдың себебін полиция қызметкерлері анықтайтын болады. 

«Қазіргі жағдайда екеуі де ауруханаға жеткізілді. Екеуіне де көмек көрсетіліп жатыр. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Болған жағдайдың себептері қарастырылуда. Комиссияның жұмысы біткеннен кейін осы екі маманның бүгінгі жағдайы жөнінде қорытынды шығаратын боламыз», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Роза Жүсіпова.

 

 

Соңғы жаңалықтар