Павлодарда бұрынғы полиция басшысы Нұрлан Мәсімовтің соты басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің үстінен қозғалған іс бойынша алғашқы сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған өңір сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 15:00-де Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау белгіленді. Алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша негізгі сот талқылауының мерзімі бекітіледі», - деп хабарланды облыстық соттан.

Еске салайық, былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылған еді.

Сол жылы маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған еді.

Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.

Кейін іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.

2022 жылы 13 шілде де ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.

Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар