Павлодарда браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркіленді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Рейд барысында «Ленин - Русская Поляна» автожолында полиция қызметкерлері «Ниссан» маркалы автокөлікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей , көліктің салонында жүргізушіден басқа тағы екі жолаушы болған.

Тексеру кезінде автокөліктен балық аулауға тыйым салынған қытай өндірісінің моноторлары, сондай-ақ жалпы салмағы шамамен 25 кг болатын балық салынған сөмкелер табылды.

Ер адамдар Ертіс өзенінің «Тентек» арнасынан балық аулаудан келе жатқанын түсіндірді.

«Аталған факті бойынша балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 383-бабы 3-бөлігі бойынша әрбір балықшыға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, балық аулау құралдары - монотор, қайық, нейлон торы және ауланған балықтары заттай дәлел ретінде алынды.

Осыған ұқсас фактіні «Ленин-Курчатов» автожолында Ақсу қаласының патруль полициясы взводының қызметкерлері анықтады.

Мұнда балық аулау ережесін бұзғаны үшін қаланың екі тұрғыны ұсталды.

Заттай дәлел ретінде олардан резеңке қайық, монотор және салмағы 188 кг болатын ауланған балық тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша материалдар сотқа жолданды.


Соңғы жаңалықтар