Павлодарда браконьерлер сүйрік аулап жатқан жерінен қолға түсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында барконьерлер бекіре тұқымдас балық аулап жатқан жерінен қолға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылғы 20 тамызда сағат таңғы 5.40-та Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары рейд жұмыстары барысында Павлодар қаласының вокзал маңындағы көлде қала тұрғынын құрықтады. Оқиға орнынан аулауға тыйым салынған бекіре тұқымдас сүйрік балығы табылды. Заңсыз алынған сүйрік балығының жалпы салмағы 6,66 келіні құрады. Тергеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. 2019 жылдың басынан Инспекция қызметкерлері бекіре тұқымдас сүйрік балығын заңсыз алудың үш фактісін тіркеді», - деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, браконьерлердің бұл заңсыз әрекетінен табиғатқа 1 681 650 теңге шығын келген. Сүйрік балығы бекіре тұқымдасына жататындықтан, ауланған әр келі үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалған. Аталмыш факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 335 бабымен іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар